Алматыда белсенді Марат Тұрымбетовті полиция ұстап әкетті

«Әуежайды басып алу ісінің» апелляциялық сотына қатысқаны үшін ұсталған


22/09/2023
11:13 14370 0

Фото: КазТАГ

 

22 қыркүйекте полиция белсендіні үйінің алдынан ұстап, Түркісіб ауданының полиция басқармасына алып барған. 

 

– Қазір Түрксіб ауданында отырмын. Хаттама толтырайын деп жатыр. Онлайн сот өтетін шығар дедіТұрымбетов.

 

Марат Тұрымбетовтің сөзінше, өзіне 19 қыркүйекте «Әуежайды басып алу ісі» бойынша төрт жылға сотталған белсенді Айгерім Тілеужанның апелляциялық сотында «митинг ұйымдастырды» деген айып тағуы мүмкін. 

 

19 қыркүйекте Қаңтар оқиғасы кезінде «Әуежайды басып алу ісі бойынша» сотталғандардың апелляциялық соты даумен басталған. Процеске қатысу үшін Алматы қалалық сотына келген адамдар саны көбейген кезде сот онлайн режимде өтетіні хабарланып, сотталушылардың туыстары, адвокаттары мен белсенділер наразылық білдірген. 

Полиция белсенділердің ұсталуына қатысты түсініктеме бермеді.

Поделиться

Нет комментариев.

22/09/2023 11:13
14370 0

Уведомление